Ақмолалық жастарға экологияны қорғау маңыздылығы түсіндірілді
«Таза Like» жобасы аясында ақмолалық жастарға вандализмге қарсы күрес және экологияны қорғау маңыздылығы түсіндірілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Шара барысында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен «Үздік жас ғалым – 2021» жеңімпазы және «Bolashaq saraiy» жанындағы «Экология» үйірмесінің жетекшісі Тамила Жаббасова «Bolashaq saraiy» зертханасында жастарға экскурсия ұйымдастырып, шеберлік сыныбын өткізді.

«Бүгінгі таңда қоршаған орта үшін вандализм мен экология мәселесі өте өзекті болып отыр. Онымен бәріміз бірлесіп күресуіміз қажет, сонда ғана бір нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін еліміздің келешек жастарына оның қаншалық маңызды екенін түсіндіріп, тәрбиелеуміз керек, - деді Тамила Жаббасова.

«Жастар Рухы» жастар қанаты жетекшілерінің айтуынша, қала ішіндегі вандализммен күресу және экологияны қорғау аясында бірқатар шаралар мен акциялар өткізу жоспарланған.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Жастар Рухы» жастар қанаты вандализммен қоғам болып күресуге шақырғанын жазған едік.
