Ақмолалық 15 жастағы палуан халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 15 жастағы ақмолалық палуан Жасұлан Бексұлтанов Ресейдің Красноярск қаласында өткен еркін күрестен халықаралық турнирде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Үш дүркін олимпиада чемпионы Бувайсара Сайтиева жүлдесі үшін өткен байрақты жарысқа Россия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен барған 200 астам спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысынан үш палуан қатысты.  Оның ішінде 15 жастағы жас палуан Жасұлан Бексұлтанов 63 келі салмақтағылар арасында өткен еркін күресте қола жүлдегер атанды. Жаттықтырушысы Олжас Әшімовтың айтуынша, Жасұланның күреспен айналысып жатқанына үш жылдың жүзі болыпты. 

Соңғы жаңалықтар