Ақмолалық асықшылар халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық асықшылар Кейкі батырдың еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолалық асықшылар халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша, Қостанай қаласында өткен ұлттық ойынымыз асық ату жарысына Қазақстан Республикасы мен Моңғолия елінен жиналған кілең мықты асықшылар қатысты. Ақмола облысының құрамасы сапында Еркебай Сәрсеков, Сайлаубек Тәшімов және Лесбай Ақтөре шеберліктерін сынады.

«Жерлестеріміз жалпы командалық есепте Түркістан облысына есе жіберіп, жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал, үшінші орынға Нұр-Сұлтан қаласынан келген асықшылар лайық деп танылды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Жаттықтырушысы Самат Әукеновтің сөзіне қарағанда, ақмолалықтар алдағы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Азия асығы» турниріне дайындалмақшы.

null