Ақмолалық балуан белбеу күресінен әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық балуан белбеу күресінен әлем кубогінде жеңіске жетті.
None
None

Ресейдің Орынбор қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем кубогіне Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Австралия, Эстония, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Швеция, Грузия және Франция елдерінің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамысының сапында 82 саламақ бойынша боз кілемге шыққан Целиноград ауданының балуаны Бекбол Нұрланұлы ақтық белдесуде ресейлік Мұрат Татарқұловқа есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Еске сала кетсек, жерлесіміз Бекбол Нұрланұлы - күрестің осы түрі бойынша 2013 жылғы Әлем чемпионы. Жарыс белбеу күресінің халықаралық федерациясы, «Еуразия қазақша күрес» қоғамдық қоры, бүкілресейлік белбеу күресі федерациясы, Орынбор облысының күрес және белбеу күресі ұлттық федерациясының мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар