Ақмолалық баскетболшы қыздар ел чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының баскетболшы қыздары Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолалық баскетболшы қыздар ел чемпионы атанды

Ведомвстоның мәліметінше, Тараз қаласында баскетболдан 3×3 форматында өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің әр өңірінен жиналған 49 команда қатысып, бақ сынады. Оның ішінде ақмолалықтар бір алтын және екі күміс медаль иеленді.

«Ақмола облысы атынан қыздар арасында 2007-2008 жылдары туған U-12, 2005-2006 жылдары туған U14 және 2003-2004 жылдары туған U16 үш команда қатысты. Олардың арасында U-12 командасы ел чемпионы атанса, U14 және U16 командадары екінші орын алды. Сонымен қатар, 12 жастағылар арасында Милана Крутевич, ал, 14 жастағылар арасында Айдана Қасенова үздік ойыншы атанды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.