Ақмолалық биатл және триатл спортынан әлем чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық спортшы Аян Бейсенбаев биатл және триатлдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Испанияның Вивейро қаласында өткен байрақты жарысқа әлемнің 21 елінен келген 500 атлет қатысты. Турнир қатысушылары 9 жасқа дейінгі балғындар мен 79 жасқа дейінгі спорт шеберлері арасында жекелей және аралас эстафета бойынша күш сынасты.
null 

Қазақстан құрамасы сапында Ақмола облысынан 10 спортшы барды. Оның ішінде Аян Бейсенбаев қарсыластарынан оқ бойы озып, алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, Темірлан Теміров пен Арман Қыдыртаев екінші және үшінші орыннан көрінді.
null 

Ал, балғындар арасында Дэнис Туницкий мен Ашраф Камалова екінші, Аян Бейсенбаев пен Надежда Бекмағамбетова үшінші орынға лайық деп танылды.
null 

Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы биатл және триатл спортынан әлем чемпионатында көш басынан көрінді.

Соңғы жаңалықтар