Ақмолалық бүлдіршінге жұлынның бұлшықет атрофиясын емдеу үшін «Спинраза» препараты егілді

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Спинраза» - бұл жұлынның бұлшықет атрофиясын (SMA) емдеуге арналған әлемдегі алғашқы дәрі. Препарат антисенс олигонуклеотидтері деп аталатын «резервтік» SMN2 генінен SMN ақуызының өндірісін арттырады.
«Қымбат препарат 2 жасар балаға инъекция түрінде енгізілді. Препаратты енгізу сәтті өтті, жағымсыз құбылыстар болған жоқ. Қазір баланың жағдайы тұрақты», - деп атап өтті дәрігерлер.
Бала төрт жүктеме және үш қолдау дозасын алуы керек. Науқас бұл препаратты өмір бойы алады.
Жұлынның бұлшықет атрофиясы (SMA) - прогрессивті бұлшықет әлсіздігінің дамуымен сипатталатын генетикалық ауру.
Препараттың бір құтысы 42 миллион теңгені құрайды. Препарат жұлын каналына интратекальды түрде енгізіледі.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында науқас балаларды оңалту қалай жүзеге асырылып отырғандығын жазған едік.