Ақмолалық дəрігерлер латын жазуына көшуді қолдайды
«Бұл еліміз үшін маңызды қадам. Сондықтан, біз осыған өтудің келешегіміз үшін тиімді екенін терең түсінуіміз керек. Халықтың дайындығы, түсіндіру жұмыстары бойынша қиындықтар болуы мүмкін. Сол себепті бұл бағытта ғылыми шешімдер қажет. Стратегиялық жағынан алғанда латын әліпбиіне көшу бұл біздің мемлекетіміздің ұстанып отырған оң саясаты. Оны кезең кезеңімен, біртіндеп шешу қажет», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сəуле Қисықова өз сөзінде.
Облыстық мəслихаттың депутаты, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері Серік Аяғанов латын жазуына көшу бұл қазақ əліпбиі мен орфографиясын жаңғыртуға бағытталғанын айтуда.
«Бір сөзбен айтқанда, біз жаңа əліпби емес, қазақстандықтарға таныс жазбаны қолданатын боламыз. Қазіргі кезде, қарым-қатынаста заманауи ақпараттық технологиялар мен гаджеттерді қолданатын жастар мен орта буын латын жазуын біледі», - деді ол.
Ал №1 Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Сүлен Ілясов болса, дамудың даңғыл жолына түскен көпұлтты Қазақстан Республикасы үшін тарихи оқиға екенін атап өтті.
Кездесу соңында медициналық мекемелердің өкілдері латын жазуына қатысты өз ойларын айта келе, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.