Ақмолалық көлік жүргізушілері «Бір-бірімізге көмектесейік» акциясын бастады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола тұрғындары аялдамада тоңып тұрған адамдарды көліктерімен тегін жеткізіп салуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетау қаласында «Бір-бірімізге көмектесеміз» акциясының басталғандығы туралы көлік жүргізушілерінің бірі Инстаграмда жазды. Кейін, kokshevideogram аккаунтында видеолар жариялана бастады.
«Бір-бірімізге көмектесейік» акциясын бастаймыз. Қыс аязды, -40 градусқа дейін суық болатыны күтілуде. Акцияның мақсаты - жолда кетіп бара жатқан жүргізушілер аялдамада тоңып тұрған адамдарды қалаған жеріне тегін апаруы қажет. Бірлесіп жақсылық жасайық», - деп жазды жерлестерін акцияға қатысуға шақырған Көкшетау тұрғыны.
Әлеуметтік желіде бұл бастамаға қолдау білдіргендердің қарасы өте көп.
Акцияны облыс орталығынан бөлек, аудандардағы жүргізушілер де қолдап әкеткен. Мәселен, @shchuchinsk_life атауымен тіркелген желі қолданушысы өзін қалаға жеріне тегін жеткізіп салған Серік есімді жүргізушіге алғысын білдірген.