Ақмолалық майдангер-судьялар туралы мәліметтер Зерде кітабына енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының майдангер-судьялары туралы мәліметтер Зерде кітабына енгізілді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
2016 жылдың қазан айында шайқасқа қатысушыларға арналған Ақмола облысының Зерде кітабы басып шығарылды.
Зерде кітабында Ақмола облысында тұрған және 1941-1945 жылдары әскерге шақырылып, шайқастарға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы мәліметтер жинақталған.
Зерде кітабында Ақмола-Көкшетау өңірлерінің майдангер-судьяларына бөлім арналған, ұлы шайқастарға қатысқан, ал соғыстан кейін Ақмола (бұрыңғы Көкшетау) облысының соттарында сот төрелігін атқаруда еңбегін жалғастырған 27 майдангер-судьялар жөнінде мәліметтер жазылған.
Зерде кітабына арналған судьялар жөнінде мәліметтерді жинау бойынша Ақмола облыстық сотының ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділов үлкен жұмыс атқарды.