Ақмолалық оқушылар халықаралық конференциядан жүлдемен оралды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық оқушылар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясынан жүлдемен оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмолалық оқушылар халықаралық конференциядан жүлдемен оралды

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 25-26 ақпан күндері Мәскеу қаласында «Тірі ғаламда жастар ұрпағы» ұранымен  «Қазақстан -Ресей: шекарасыз ғылым!» оқушылар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған Қазақстан Республикасы жəне Ресейдің əр өңірінен барған мектеп жəне колледж оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Осы ретте, Ақмола облысының абыройын қорғаған Есіл қаласындағы балалар үйінің тəрбиеленушілері Николай Кирилов пен Леонид Шандер (жетекшісі Татьяна  Волченко) «Учитель перед именем твоим!» жобасы арқылы жүлделі екінші орын алды.

Ал, «Правша или левша!»  жəне  «Выбор профессии!» жобаларын ұсынған Анастасия Морева (жетекшісі Лиана Нацвлишвили) мен Валентина Николаева (жетекшісі Людмила Корниенко) үшінші орыннан көрінді.

Конференцияға қатысушылар Мəскеудің ең əсем жерлеріне саяхат жасады.