Ақмолалық оқушылар республикалық байқауда жүлдегер атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының оқушылары Талдықорған қаласында өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық инновациялық идеялар байқауына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолалық оқушылар республикалық байқауда жүлдегер атанды

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқау 28 қазан мен 1 қараша аралығында өтті.

«Байқау қорытындысына сай Аршалы ауылындағы №2 орта мектептің оқушысы Максим Грицко «Автокөліктің қолданыстағы моделін жасау саласындағы техникалық құрастыру» аталымы бойынша жүлделі 3-орын алды. Сонымен қатар, Бектау ауылдық орта мектебінің оқушысы Нұрболат Руслан да «Құрылыс саласындағы жоба» аталымы бойынша 3-орыннан көрінді», - дейді Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.