Ақмолалық пауэрлифтерлер ел біріншілігінде қос алтын медаль иеленді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық пауэрлифтерлер ел чемпионатында екі алтын және бір күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолалық пауэрлифтерлер ел біріншілігінде қос алтын медаль иеленді

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қостанай қаласында пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтуде. Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген  500-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс жастар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында 15 cалмақ дәрежесі бойынша өтуде. 

Оның ішінде жастар арасында өткен жарыста көкшетаулық Алёна Солопова (52 келі салмақта) мен Рүстем Сайфутдинов (83 келі салмақта) алтын медаль иеленсе, 74 келі салмақ бойынша сынған түскен Ерасыл Ахметов күміс жүлдеге ие болды.
null 

null 

Атылмыш спортшылар Көкшетаудағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттығуда. Жаттықтырушылары Евгений Евдокимов, Асылжан Әлмерденов және Қайрат Жүкенов.