Ақмолалық полицейлер 10 жасар қызды іздестіруде

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері 10 жасар қыз баланы іздестіруде, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ақмолалық полицейлер 10 жасар қызды іздестіруде

Бейсенбі, 9 тамыз күні шамамен сағат 13:00-де Ақмола облыстық ауруханасынан Макинск қаласында тұратын 10 жастағы Луиза Әбузеитқызы Лаптиева кетіп қалды. 

Қыз бала ауруханаға ағымдағы жылдың 7 тамызында «бел жағындағы кеуде сколиозы» диагнозымен жатқызылды. 

Ауруханадан кетерде қыз бала: «Ата-анамды сағындым. Үйге кеткім келеді» деп жазылған хатты қалдырып кетті. Алайда Луиза үйіне оралған жоқ. 

Белгілері: бойы 140 см, шашы ұзын, қара. Ақ бриджи, қызғылт сары түсті жеңіл жейде, ақ шәркей киінген. 

Қазіргі уақытта полицейлер вокзал аумағын тексеріп, автобустар мен такси жүргізушілерін сұрастырды. Қыз баланы іздеу шаралары жалғасуда.