Ақмолалық Р.Ерёмин Швейцарияда қола медальға қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленцерхайдеде IBU кубогінің үшінші әрі ақтық кезеңінің аясында жеке және спринтерлік жарыс өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмолалық Р.Ерёмин Швейцарияда қола медальға қол жеткізді

Ақмолалық биатлонист IBU юниорлық кубогінің үшінші кезеңінде 10 шақырымдық спринтерлік қашықтықта қола медаль алды. Роман Ерёмин екі нысаналық межеде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Жарысқа 32 елдің 200 спортшысы қатысты.
Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық биатлонистер одағы IBU юниорлық кубогін құрған болатын.