Ақмолалық семсерлесуші Қазақстан чемпионы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семсерлесуден өткен Қазақстан чемпионатында ақмолалық семсершілер «алтын» мен «қола» медаль жеңіп алды. Бұл жайында Ақмола облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алматыда кадеттер арасында семсерлесуден республика чемпионаты өтті. Медаль иеленіп, еліміздің құрама сапының қатарына кіру үшін республиканың көптеген облысының спортшылар бақ сынады. Тартысты өткен жекпе-жектер барысында Ақмола облысының спортшылары лайықты өнер көрсете алды», - делінген таратылған ақпаратта.

Сонымен қатар басқарма мәліметінше, ақмолалық Александр Савин семсерлесуден Қазақстан чемпионы атанса, Елнұр Төлегенов қола медаль иеленген.

Елнұр Төлегеновтің айтуынша, барлық қарсыластар жоғары деңгейде семсерлескен.

«Әрбір жекпе-жек оңай болған жоқ. Жеңіске жету үшін біраз күш жұмсауға тура келді. Өкінішке орай, қарсыласыма лайықты төтеп бере алмадым. Ол менен күшті әрі жылдам болды. Енді қарымта жекпе-жекке дайындалатын боламын. Келесі жарыста мұнан да жақсы өнер көрсетемін деп ойлаймын», - деді Е.Төлегенов.

Соңғы жаңалықтар