Ақмолалық спортшы маунтинбайктен Азия чемпионы атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық спортшы Темірлан Мұхамедьянов маунтинбайктен (тау велосипеді) Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ақмолалық спортшы маунтинбайктен Азия чемпионы атанды

Ведомствоның мәліметінше, байрақты жарыс Ливан елінде өтті. Оған Азия елдерінен кілең мықты спортшылар қатысты. Оның ішінде 23 жасқа дейінгілер арасында «кросс-кантри олимпик» әдісі бойынша сынға түскен ақмолалық Темірлан Мұхамедьянов үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Темірлан Мұхамедьянов Шортанды ауданының тумасы.

«Жерлесіміз 1:42:14 нәтиже көрсетіп, екінші келген ирандық спортшы Али Зохрабзадені (1:44:09) артқа қалдырды», дейді ведомстводан.