15:51, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Ақмолалық спортшы Оңтүстік Кореядан жүлде алып келді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық 12 жасар жасөспірім Әлбина Әбдрахманова Оңтүстік Корея елінде шығыс жекпе-жегі ушу бойынша Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен байрақты жарысқа Қытай, Малайзия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Сингапур сияқты елдерден келген спортшылар қатысып, шеберліктерін ортаға салды.
Өсербай Әбдрахманов жаттықтыратын Ақмола облысынан барған 4 спортшы чань-цюань, гунь -шу және дао-шу әдістері бойынша күш сынасты.
Оның ішінде негізгі қарсыластары Ганконг, Шри-ланка, Макао, Оңтүстік Корея елдерінің мықты спортшыларынан айласын асыра білген 12 жастағы ақмолалық Әлбина Әбдрахманова үшінші орын алды.