Ақмолалық спортшы пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмолалық спортшы Алена Солопова пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметі бойынша Алматы облысында классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық атлет қатысып, бақ сынауда.
«Кілең мықтылардың арасында ақмолалық пауэрлифтерлер мықтылық танытуда. Жерлестеріміз бір алтын және бір күміс медальді иеленді. Оның ішінде бойжеткендер арасында 52 келі салмақта сынға түскен Алена Солопова қарсылас шақ келтірмесе, ерлер арасында 74 салмақта Кирилл Старостин күміс жүлдеге ие болды», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.