22:08, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Ақмолалық судьялар ұлттық дәстүр сайысын өткізді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Мерекелік шараға аталған сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қатысып, əріптестерін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Шара барысында асық ату, тұсау кезу тəрізді ұлттық ойындар мен театрландырылған қойылым қойылды. Оған қоса, соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу мен сақтауда «ең үздік ұлттық киім», «ең үздік ұлттық тағам», «ең үздік ұлттық ән мен би» аталымдары бойынша байқау өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Аслан Оспанов.