Ақмолалық тұрғын итін 5-қабаттан лақтырып жіберді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген тұрғынға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолалық тұрғын итін 5-қабаттан лақтырып жіберді

Өлген иттің және оны көтеріп әкетіп бара жатқан ер адамның суреті мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторының сөзінше, оқиға Степногорск қаласында болған.

«Тұрғын мас күйінде итті 5-қабаттан лақтырып жіберді.... Итті жақын маңдағы қараусыз қалған жерге көме салды. Қан іздерін жасыруға тырысты...», - делінген жазбада.

Осы ретте, Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.