Ақмолалықтар Қостанайда өрттен зардап шеккендерге 15 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалықтар Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті, оның ішінде азық-түлік пен киім-кешек, төсек жабдықтары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, партияның облыстық және 20 аудандық филиалдарында гуманитарлық көмек көрсету пунктері ашылып, жұмыс істеуде. Онда киім-кешек, дәрі-дәрмек, азық-түлік, гигиена құралдары қабылданып жатыр.

«Депутаттар мен партияның бастауыш ұйымдары, жалпы барша ақмолалықтар осынау сын сағатта бір жағадан бастан, бір жеңнен қол шығарып, көмек көрсетіп жатыр. Бүгін Қостанай облысы Әулиекөл аудандарының тұрғындарына ақмолалықардан жиналған гуманитарлық көмектің алғашқы легі жіберілді, оның ішінде жалпы салмағы 15 тоннадан астам азық-түлік пен киім-кешек, төсек-орын бар», - деді партия филиалының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар