Ақмолалықтар Параалимпиада ойындарының үш алтынын жеңіп алды
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзуден V республикалық Параалимпиада ойындары өтті. Елдің ең мықтысы атағына 146 жүзгіш таласты. Ақмола облысынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорттық клубының тәрбиешілері қатысты. ҚР спорт шебері Владислав Томасевич жарыстардың екі мәрте чемпионы атанды. Сондай-ақ, Владимир Демещенко команданың қоржынына тағы бір «алтын» әкелді. Владислав Томасевич, Әмір Рақымов күміс медаль жеңіп алса, Владимир Селиванов пен Владимир Демещенко екі «күмістен» әкелді.
4х100 командалық эстафетасы бойынша Аяжан Бекенова, Владислав Томасевич, Владимир Деменщик және Әмір Рақымовтар, еркін әдіспен 50 метрге жүзуден Тұрар Тұрықбаев үшінші орынға тұрақтады. Алина Синельникова 100 метрге брасс әдісімен жүзуден ҚР спорт шебері нормативтерін орындады.