Ақмолалықтардың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысады- Әсет Бүкібаев

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Спорт күні қарсаңында ақмолалық спортшылардың болашағы және саланың дамуы туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Басқарма басшысының айтуынша, ведомствоның басты міндеттерінің бірі-облыс тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Осы ретте, өңірде 2 483 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 1 723-і ауылдық жерлерде орналасқан.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Жақсы ауданының орталығы Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Бурабай ауданының Мәдениет ауылында спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлінді, 12 аудан жаңа спорт алаңдары ашылады. Шортанды кентіндегі стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту артып келеді. Бұл ретте көрсеткіш облыс тұрғындарының 30,7 пайызын құрап, өткен жылдың деңгейінен жоғары болып отыр. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 33 пайызға дейін арттыру жоспарда бар. Кез-келген саладағы сияқты, спортта да көп нәрсе жоғары білікті мамандарға байланысты. Дене шынықтыру және спорт саласында 2 240 адам жұмыс істейді, оның ішінде ауылда – 1 224. Ауылдық округтерде 141 нұсқаушы спортпен шұғылданады», - деп түсіндірді Әсет Бүкібаев.

Басқарма басшысы атап өткендей, салауатты өмір салтын насихаттау және оған деген қызығушылықты арттыру мақсатында облыс бойынша 258 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 10 797 адам қатысты. Өңірдің «қызыл» аймақта болуына және бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынуына байланысты спорттық іс-шаралардың басым бөлігі онлайн режимінде өтті.

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа тарту бойынша біраз жұмыстар атқарылуда. 29 спорт мектебінде 15 мыңнан астам жас спортшы жаттығады. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап спорт мектептері дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағына берілді.

«Біздің өңірде бокс пен еркін күрес, триатлон, жеңіл атлетика, ауыр атлетика кеңінен танымал, жыл сайын балалар ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытуда, қазақ күресі, көкпар, асық ату және тағы басқа секциялар ашылуда. Сондай-ақ, хоккей, футбол, волейбол сияқты ойын спорт түрлері де дамуда. Ақмолалық баскетболшылар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді: ұлттық жарыстарда қыздар өздерінің жас санаттарында чемпион және жүлдегер атанды. «Арлан» хоккей командасы шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері болды. Балалар мен жасөспірімдер қоян-қолтық ұрыс, армрестлинг, гір көтеру сияқты олимпиадалық емес спорт түрлерімен де белсенді айналысады», - деді Әсет Бүкібаев.

Басқарма басшысының айтуынша, бұған көп жағдайда мықты жаттықтырушылар құрамы ықпал етеді. Шаңғы жарысы мен биатлон бойынша тәлімгерлер облысымыздың аға жаттықтырушысы Геннадий Макаров пен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Васильев өз тәжірибесін жастарға үйретуде.

Бокстан облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Высоцкий бірқатар жарқын спортшылар дайындады.

«Батырбек Оздоев, Сергей Шевченко, Дмитрий Чурсинмен жаттығатын жас ауыр атлеттер дәстүрлі түрде жақсы нәтижелер көрсетуде. Армрестлингте чемпиондардың бірнеше буынын халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Илья Ильин тәрбиеледі», - деді Әсет Бүкібаев.

Ақмолалық спорттың болашағы бар, әлемдік деңгейдегі жетістіктерін көрсететін жастар өсіп келеді. Спорт сүйер қауымға еңбек сіңірген спорт шебері Дина Жоламан, әйелдер күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айна Теміртасованың есімі жақсы таныс. Велошабандоз Андрей Чугай, триатлоншылар Аян Бейсембаев пен Темірлан Теміров, ауыр атлет Карина Күзғанбаева, еркін күрескер Ерхан Бексұлтанов тәрізді споршылар лайықты нәтижелер көрсетуде.

«Біздің жас спортшылар іріктеуден өтіп, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында еліміздің намысын лайықты қорғайды деп үміттенеміз. Біз алдымен қатысуға жеңілдік алу үшін, содан кейін медальдармен оралу үшін бар күшімізді саламыз. Биылғы Токиодағы Паралимпиада ойындарында ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревтің сәтті өнер көрсетуін күтеміз. Давидке сәттілік тілейміз және спортшы лайықты нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз», - деп түйіндеді Ә.Бүкібаев.


Соңғы жаңалықтар