Ақмолалықтардың МӘМС қорына аударған жарнасы 3,3 млрд теңгеге толықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылы ақмолалықтардың МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) қорына бөлген жарнасы 3,3 миллиард теңгеге толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Ақмола облыстық филилалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның дерегі бойынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қарашасына дейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің МӘМС шотына аударылған жарналарының жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгені құрады. Оның 4,16 миллиард теңгесі жұмыс берушілердің аударылымы, 336 миллион теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық жағдайдағы келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлемді уақытында аудармағаны үшін өсім төледі. 2018 жылы Ақмола облысында жарнаны төлеу барысындағы өсімнің жалпы сомасы 13,9 миллион теңгені құрады.

«МӘМС жөніндегі заңға сәйкес, төлемнің уақытында аударылмаған сомасы мемлекеттік кірістер органдарымен іздестіріліп, төленбеген әр күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 есе ресми мөлшерлемесі көлемінде есептелген өсіммен төлеушілер қор шотына ақша аударады»,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков.

Сонымен қатар, 2018 жылдың шілдесінде енгізілген «Медициналық қызметтің тұтынушысы ретінде МӘМС жүйесіне қатысу жөнінде анықтама беру» және «МӘМС-ға аударылған жарналар жөнінде ақпарат беру» тәрізді жаңа мемлекеттік қызметтің арқасында әр азамат өз жарнасы мен аударылымы тарихының көшірмесін және МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесі жөнінде анықтама ала алады. Бұл мемлекеттік қызметті тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, МӘМС қоры мен оның өңірлердегі филиалы ұсынады.

МӘМС-ке түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақталуда. Олармен сенімді басқару келісім-шарты жасалған. Кейін қаржы МӘМС аясында көрсетілетін қызмет төлемдеріне жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар