Ақмолалықтарға көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмолалықтарға көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды

Қаулыда отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынды.

Облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану орындарда ұйымдастырылатын көпшілік іс-шараларына (отбасылық, еске алу, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, дұға), оның ішінде үйде өткізілетін жиындарға баруға тыйым салынды.

Сонымен бірге, департамент мамандары алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне байланысты көпшілік шараларды, оның ішінде жаңа жылдық корпоративтерді өткізуге тыйым салынған ескертеді.