Ақмоланың үздік ауыл шаруашылығы мамандары марапатталды
«Көкшетау» мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға облыстың әр өңірінен жиналған сала еңбеккерлері қатысты. Жиналғандарға мәдениет сарайының фойесінде көрме ұйымдастырылды.
Шарада аймақ басшысы Мәлік Мырзалин ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға табыс тілеп, үздік мамандарды марапаттады.
«Биылғы көктем мен жаз айларындағы ауа райы диқандар үшін қолайсыз болды. Соған қарамастан ақмолалықтар диқандар мол астық жинады. Еліміз бойынша ең көп астық эспорттайтын ақмолалықтар. Біздер өсіріп отырған астық елімізде ең сапалы болып саналады. Бұл жетістіктің бәрі осы залда отырған сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында», - деді аймақ басшысы. 
Үздіктердің қатарында Есіл ауданындағы «Заречный» серіктестігі, Сандықтау ауданындағы «Айдос» шаруа қожалығы Жарқайың ауданындағы «Ақбидай» серіктестігі тәрізді бірқатар шаруашылықтар бар.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.