Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

сайрамкез ақмолда
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Қазақстандық Сайрамкез Ақмолда ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Қазақстандық ауыр атлет 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, қоссайыс қорытындысында 292 кг (126+166) нәтиже көрсетті.

Сайрамкез жұлқа көтеруден үшінші болса, серпе көтеруден кіші күміс медальға ие болды.

Сайыс қорытындысында солтүстіккореялық Ри Вон Джуді (317 кг, 137+180) ғана алға жіберді.

сайрамкез ақмолда
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы

Осылайша Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

10 ақпанға дейін жалғасатын құрлықтық біріншілікте Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.

Үздік үштікке таиландтық Терават Ратфет (286 кг, 128+158) ілікті.

Соңғы жаңалықтар