Әкімшілік айыппұл төлеу: жаңа пилоттық жоба іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM – Тараз қаласында әкімшілік айыппұлды төлеуді жеңілдеу мақсатында «Оңайлатылған іс жүргізу» пилоттық жобасы іске қосылды.
Аталған қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 22-бабына сәйкес жүзеге асырылуда. Сонымен қатар пилоттық жоба аясында автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмыс алгоритмі бекітілген.
«Әділет министрлігінің мәжбүрлеп орындату департаменті және Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (келісім бойынша) пилоттық жобаға әдістемелік қолдау көрсетсін. Сондай-ақ Әділет министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті және жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (келісім бойынша) пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін», - делінген ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің ресми сайтында.
Пилоттық жоба 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Айта кетейік, «Оңайлатылған іс жүргізу» пилоттық жобасын іске асыруға Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауапты.
Пилоттық жобаның жұмыс алгоритмімен сілтеме арқылы танысуға болады.