Әкімшілік кедергілер жойылып келеді – Жоғарғы Сот төрағасы

АСТАНА. KAZINFORM – Әкімшілік соттар жұмысының алғашқы жылдары реформаның тиімділігін көрсетті. Бұл туралы елордадағы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі» атты халықаралық форумда ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлім етті.

а
Фото: Жоғарғы сот

- Әкімшілік әділет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының практикалық тұрғыда іске асуына, азаматтардың, бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғаудың нақты құралына айналды. Соңғы 5 жылда сотқа 150 мыңнан астам әкімшілік талап қою өтінімі келіп түсті. Бұл ретте жыл сайын өтініштер тұрақты артып келеді. Бұл азаматтар мен бизнестің жаңа түрдегі сот ісін жүргізудің тиімділігіне сенімділігін арттырып, адамдар құқығын қалпына келтірудің нақты тетігі ретінде қарастыратынын білдіреді. Азаматтар жеңген істің үлесі 15 пайыздан 60 пайызға дерлік өскені - ерекше көрсеткіш. Бұл көрсетіштің артында әкімшілік кедергілердің жойылып, нақты адамдардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың қорғалған келтірілген құқықтары тұр, - деді А. Мерғалиев.

Оның айтуынша, жыл сайын Жоғарғы сот инвесторлардың қатысуымен болатын даулар бойынша сот-парактикасына талдау жасайды. Олар көбінесе салық, кеден, экология және жер қойнауын пайдалану саласындағы даулар бойынша соттасып, онда құқықтарын қорғап жатыр. 2024 жылдан бастап мұндай даулардың саны азайып, оң динамика байқалды.

Айта кетейік, форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Еске салайық, бүгін Президент вице-президент, Құрылтай және Халық кеңесі туралы құжаттарға қол қойды.