Әкімшілік кодекс Масс-медиа туралы заңмен сәйкестендіріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін ілеспе заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. 

заң
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Құжатты таныстырған Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева Масс-медиа туралы жаңа заң Әкімшілік кодекстің екі бабына өзгерту енгізуді талап ететінін мәлім етті.

«Оның негізгі мақсаты – Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің талаптарын жаңадан қабылданатын Масс-медиа туралы жаңа заңға сәйкестендіру.

Атап айтсақ, кодекстің 451 және 452-баптарын бір бапқа біріктіруді көздейді», - деді министр.

Нақтырақ айтсақ, кодекстің қазіргі қолданысында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу жеке баппен, телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын бұзу мәселесі бөлек баппен реттеледі. 452-бапта «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңды бұзу мәселесі көрініс тапқан. Аталмыш заңның күші жойылатындықтан, 451-баппен біріктіріліп отыр.

Депутаттар аталған ұсынысты екі оқылымда мақұлдау туралы шешім қабылдады.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты