Әкімшілік кодекске жазықты адамды мәжбүрлеп әкелу туралы бап енгізілмек

қамалды
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс әкімшілік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

Заң жобасын таныстырған Әділет министрі Азамат Есқараев әкімшілік құқық бұзған адамға тағайындалған жазаны сырттай орындау мүмкін болмаса, мәжбүрлеп әкелу тетігін кодекске арнайы бап ретінде енгізу ұсынылып отырғанын мәлім етті.

«Заң жобасында мәжбүрлеп әкелуді қолдану тетігін бекіту ұсынылады. Өйткені мәжбүрлеп әкелу әкімшілік-процестік қамтамасыз ету шарасы болып есептеледі және жеке тұлғаны сырттай жүзеге асыру мүмкін емес процестік әрекеттерді орындау үшін мәжбүрлеп жеткізуден тұрады. Бүгінгі таңда әкімшілік мәжбүрлеп әкелу шарасы ведомстволық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Осылайша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте мәжбүрлеп әкелу шарасын қолданудың тәртібі анықталмаған. Осы „олқылықты“ болдырмау үшін ӘҚБтК-нің 790-бабына мәжбүрлеп әкелуді қолданудың негізі мен тәртібін қамтитын түзетулер әзірленді», — деді Азамат Есқараев.

Соңғы жаңалықтар