Ақорда әскери ұшақтардың Рим Папасы Францисктің әуе бортын күзеткен сәтінің видеосын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақорда Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Рим Папасы Францисктің әуе бортын күзеткен сәтін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Рим Папасы Францискті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды .
Ақордада Рим Папасы Францискті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қазақстан Президенті мен Рим Папасы Франциск екіжақты кездесу өткізді.
Видеодан алынүған кадр