19:07, 01 Маусым 2023 | GMT +5
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапарының видеосын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапарының видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.
Президент онда Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығын аралап көрді.
Сонда-ақ Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты.
«Керуен-Medicus» клиникасының жаңа корпусын аралап көрді.