Астана «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысты

Жер сағаты
Фото: earthhour.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда «Жер сағаты» жаһандық экология акциясын қолдады және бір сағатқа электр шамын сөндірді.

«Жер сағаты» — дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара. Бұл шараға 180 ел, 7 мың қала қатысады.

Жер сағаты

Қазақстан аталған экологиялық акцияға 2009 жылдан бастап қатысып келеді.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30–дан 21:30–ға дейін үйі мен пәтеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді.

Жер сағаты

Бұл акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар да қолдау көрсетеді.

Еске сала кетсек, Астанада 33 ғимаратты жарықтандыру 1 сағатқа өшірілді

 

Соңғы жаңалықтар