Ақордада Елбасының төрағалығымен қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқылануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен басталған кеңесте қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер талқылануда.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Фэйсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Ақордада жаңа ғана Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес басталды. Шара барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған», - делінген хабарламада.
Кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.