Ақордада Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуіне дайындық жүріп жатыр

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуіне дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

В Акорде готовятся к встрече президентов Казахстана и России
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Іс-шараға қатысатын ресейлік делегаттар да, Қазақстан министрлері де Ақордаға жиналып жатыр. Қазіргі сәтте екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары маңызды кездесуден жедел ақпарат тарату үшін техникалаларын сайлап, дайын тұр.

В Акорде готовятся к встрече президентов Казахстана и России
Фото: Солтон Жексенбеков/Kazinform
В Акорде готовятся к встрече президентов Казахстана и России
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады. Елдер арасындағы тауар айналымы, инвестиция көлемі және форумда қандай мәселелер қаралатыны Kazinform сарапшысының шолуында.