Ақордада ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2010 жылғы сыйлықтары мен гранттарын беру және тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы болып өтті
СТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2010 жылғы сыйлықтары мен гранттарын беру және тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Отырыста қоғамдық бірлестіктерден, БАҚ редакцияларынан, шығармашылық одақтар мен мемлекеттік органдардан түскен ұсыныстар қаралды және президенттік сыйлықтар мен гранттарын беру үшін үміткерлерді Мемлекет басшысына ұсыну туралы шешім қабылданды.