Ақордада мемлекеттік наградаға ұсынылатын кандидаттар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіледі.

Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын бекіту және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдардың жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, марапаттау туралы ұсынымдарды және өзге де мәселелерді қарастырады.

Соңғы жаңалықтар