12:17, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Ақордада тарихи құжат - ҚР Қарулы Күштерін құру туралы Жарлық жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында тарихи құжат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы Елбасы Жарлығының суреті жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы туралы баяндамасынан үзінді (2007 жылғы 7 мамыр) жарияланды: «Бізде мамандар да, тәжірибе де болған жоқ. Егемен Қазақстанның армиясы қандай болуға тиіс екендігі жөнінде түсінігіміз болмады.
Осындай жағдайда республика аумағындағы және Орталық Азия мен Түркістан әскери округінен қалған барлық құрылымдарды, сондай-ақ Ауғанстандағы соғыстан оралған 40-шы армияның бөлімшелерін Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері деп жариялау туралы шешім қабылданды.
Мен мұндай Жарлыққа 1992 жылғы 7 мамырда қол қойдым».