Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан армиясына арналған бейнеролик жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісінде Da Gudda Jazz тобымен бірге 2013 жылы түсірілген бейнероликті жариялады. Ол Отан қорғаушыларға арналған.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан армиясына арналған бейнеролик жариялады

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті ел армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады. Біздің армия қазақстандық қоғамның басты құндылықтарын - еркіндікті, тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғайды. Сондықтан Мемлекет басшысы Қорғаныс күштерінің дамуына ерекше көңіл бөледі.