Ақорданың баспасөз қызметі «Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың қорытындысын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамырда «Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен» атты фотобайқаудың қазылар алқасының қорытынды отырысы өтті. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында.
«Бірінші орын мен бас жүлдені қызылордалық Рамиль Магдеев алды.
Екінші орынды «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына қатысушылардың қарсылық акциясы» атты жұмысы үшін Шүкір Шахрай (Астана) және «Барлығы баласындай бір атаның» атты фотосуреті үшін шымкенттік Мақсат Шағырбаев иеленді.
Үшінші орынды астаналық Салават Нұрғожаев («Бәйтерек - Астана символы» жұмысы үшін), Ксения Леонова («Жеңіс күні» жұмысы үшін) және петропавлдық Талғат Таныбаев («Жұмаш Ғабдуллин» жұмысы үшін) бөлісті.
Президенттің Баспасөз қызметі атынан конкурсқа қатысушылардың бәріне белсенділіктері мен басты байлығымыз бен құндылығымыз - тәуелсіздікке деген қазақстандықтардың көзқарасы көрініс тапқан керемет туындылары үшін алғыс білдіреміз!», делінген хабарламада.
Фото Рамиля Магдеева. 1 орын.
Мақсат Шағырбаев. «Барлығы баласындай бір атаның». 2 орын.
Шукир Шахрай. «Акция протеста участников антиядерного движения «Невада-Семипалатинск». 2 орын.
Ксения Леонова. "День победы". 3 орын.
Нургожаев Салават. «Байтерек - символ Астаны». 3 орын.
Талгат Таныбаев. «Жумаш Габдуллин». 3 орын.