Ақорданың сайтына Елбасының авторлық әндері мен сүйіп тыңдайтын халық әндері енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың ресми сайтына Елбасының авторлық әндері, сонымен қатар сүйіп тыңдайтын халық әндері мен өзге де авторлардың туындылары енгізілді.

Ақорданың сайтына Елбасының авторлық әндері мен сүйіп тыңдайтын халық әндері енгізілді

Нақтырақ айтқанда, akorda.kz сайтындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасында авторлық әндері - «Елім менің», «Үш қоңыр», сонымен қатар, Елбасы сүйіп тыңдайтын: «Шұбар ат», «Беу, айдай», «Жұлдызым» әндері мен өзге де авторлардың туындылары енгізілген.