Ақпан айында азық-түлік тауарларының бағасында біршама өзгерістер байқалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 2014 жылғы ақпанмен салыстырғанда 7,4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
2015 жылғы ақпанда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаларға 22 пайыз, ұнға - 14,9 пайыз, кофе, шай және какаоға - 10,2 пайыз, сүт өнімдеріне - 9,7 пайыз, қантқа - 9,5 пайызға өскен. Сонымен қатар, баға балық және теңіз өнімдеріне - 9,1 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 8,5 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 8,4 пайызға, нанға - 8,2 пайызға, макарон өнімдеріне - 7,2 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 7,1 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 7 пайызға, май және тоң майға - 2,2 пайызға артты. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 4,4 пайызды құрады. Құс етіне баға деңгейі 14,6 пайызға, шұжық өнімдеріне - 11 пайызға, шошқа етіне - 8 пайызға, жылқы етіне - 1,7 пайызғаға жоғары болды, ал қой етіне баға 0,4 пайызға төмендеген.