Ақпан айында еліміздің тұрғын үй нарығында баға өзгерді
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1,4 пайызға, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату - 2,1 пайызға, санаты одан
төменірек үйлерді алып сату - 2,2 пайызға өсті. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Сонымен қатар, агенттік мәліметтеріне қарағанда, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру - 1,3 пайызға өскен. Нақтылағанда, 2012 жылдың ақпан айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1 шаршы метріне 156 мың 213 теңгені, көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату 113 мың 391 теңгені құрап отыр. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру шаршыметріне 858 теңгені құраған.