Ақпан айында «Еуразия» бірінші арнасының жаңалықтар қызметі іске қосылады
АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Ақпан айының соңына дейін «Еуразия» бірінші арнасының жеке жаңалықтар қызметі жұмыс істей бастайды.
Бұл туралы аталмыш арнаның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Еуразия» бірінші арнасы әлемде болып жатқан маңызды деген оқиғалар жөніндегі жаңалықтар арқылы көрермендердің бастарын қосатын болады. «Еуразия» бірінші арнасы жаңалықтарды жаңа, жеңіл креативті тәсілімен ұсынбақ. Телеарнаның жүргізушілері қазақ тілінде де орыс тілінде де еркін сөйлейді. Олар мемлекеттік тілді ақпараттық және заманға сай тіл ретінде насихаттауды қолға алғалы отыр. Телеарнада жаңалықтар күніне екі рет 14.30-да және 19.00-де екі тілде шығатын болады. Кешкі жаңалықтарды келесі күні 9.00-де қайталап көруге болады. Ал жұма күні кешкісін көрсетілген жаңалықтар эфирге сенбі күні, таңғы сағат 10.00-де қайта шығады.