Ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 98 736 теңгені құрады

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 98 736 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы ақпанға 106,9%, ал нақты жалақы индексі 99,9% деңгейінде болды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
None
None

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 201,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 191,0 мың теңге (1,9 есе) және кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 180,3 мың теңге (1,8 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 47,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 52,3%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 172,0 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 68,0 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 31,2%-ға төмен.

Соңғы жаңалықтар