Ақпанда инфляция 7,3 пайыз деңгейінде болды - Статистика

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат -2013 жылдың ақпанында еліміздегі инфляция 1 пайызды, жылдық көрсеткіште 7,3 пайызды құрады.

 Ақпанда инфляция 7,3 пайыз деңгейінде болды - Статистика

Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, өткен айда азық-түлік тауарларының бағалары 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар 0,2%-ға, ақылы қызметтер 2,6%-ға қымбаттаған. Бұдан бөлек, ақпанда картоп бағасы 2,9%-ға, жемістер мен көкөністер 1,6%-ға, макарон өнімдері 1,4%-ға, ұн, қышқыл сүт өнімдері 1,1%-ға, шай 0,8%-ға, пастерленген сүт, күнбағыс майы 0,7%-ға, балық және теңіз өнімдері 0,5%-ға, сары май 0,4%-ға, жұмыртқа 0,2%-ға қымбаттаған. Қарақұмық жармасы, қант 0,5%-ға, сиыр еті 0,2%-ға арзандаған.

Сронымен бірге, дизель отыны 1,3%-ға, бензин 0,4%-ға арзандады.

Денсаулық сақтау саласы қызметтерінің құны 1,1%-ға, шаштараз және жеке қызмет орындарының қызметтері 0,9%-ға,мектепке дейінгі білім 0,4%-ға,алыс қашықтықтарға теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері 2,9%-ға арзандаған. Телефон үшін абоненттік төлем 20%-ға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық суға тарифтер 26,6%-ға, кәріз жүйесі тарифтері 15,1%-ға, электр энергиясы 1,7%-ға, орталық жылыту 0,6%-ға, ыстық су 0,5%-ға, тұрғын үйді ұстау шығындары 0,3%-ға қымбаттаған.