Ақпанда Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына жұмысқа 67 мың адам қабылданды

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындар мен мекемелерге 2012 жылғы ақпанда 67,6 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 64,3 мың адам жұмыстан шығарылды.

Ақпанда Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына жұмысқа 67 мың адам қабылданды

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң 83,1 пайызы - өз еркімен,  1,8 пайызы - қызметкерлер санының қысқаруына байланысты және  15,1 пайызы -  басқа себептер бойынша босатылған.

2012 жылғы ақпан айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,2 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,1 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,8 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 105,2 пайыз деңгейінде қалыптасты.