Ақпанда күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 мың 96 теңге болды - Статистика
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылғы ақпанда елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 мың 096 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1,7 пайызға, 2012 жылғы ақпанмен салыстырғанда 7,1 пайызға өскен. Ал оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,5 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа - 16,4 пайызды, жемістер мен көкөністерді - 10,3 пайыз, нан және жарма өнімдері - 7,7 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштер - 2,1 пайызды құраған.